Жамбыл облысында кальцийленген сода өндіретін зауыт салынады. Инвестициялық жоба бойынша «Қазақстанның Даму Банкі» («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) сингапурлық ING банкі, Bank of China банкі, Қазақ Халық банкі, сонымен қатар Sinosure компаниясы несиеаралық келісімге қол қойды. Бұл жөнінде «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған ақпаратта айтылған.
Қазақ-Түркия үкіметаралық комиссиясының 13-отырысында тараптар мәмілені мақұлдады.
«Бұл – ҚДБ тарихында ағылшын құқығы бойынша шетелдік банктер қатысуымен синдикатталған қаржыландыру құралы бағытталған алғашқы келісім. Синдикатталған несиелер шетелдік және отандық банктердің қазақстандық бизнесті қаржыландыру көлемін арттыруға себеп болады. ҚДБ осының есебінен үнемделген ресурсты басқа отандық жобаларға бағыттайды. Бұл ретте ҚДБ-ның синдикат...