General Motors бюджеттік электрлік көліктер өндірісіне көңіл бөлу мақсатында үлкен әрі қомағай седандар шығаруды тоқтатып жатыр. Биыл күзде «Үлкен детройттық үштіктің» автоөндірушісі өзінің соңғы орта кластық седаны, әйгілі Chevrolet Malibu-дің өндірісін тоқтатады. Оның орнына конвейерде үнемді электрлік хэтчбек Bolt EV пайда болмақ.
Егжей-тегжейі
1964 жылдан бері шығарылып келе жатқан және дүние жүзі бойынша 10 млн данасы сатылған Chevrolet Malibu моделі қарашаның басында GM компаниясының Канзастағы зауытында конвейерден түсіріледі. Өндірістің тоқтатылатыны жайында компания өкілінің сөзіне сілтеме жасай отырып бірінші болып хабарлаған – Carscoops сайты. 4 қарашада әзірге ресми түрде таныстырылмаған екінші буындағы электрлік көлік Bolt EV-ді жасауға ыңғайлап...