«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау 29 сәуірде басталып, 25 қазанға дейін жалғасады.
Ашық НҚА жүйесінде Ғылым және жоғары білім министрінің «Болашақ» стипендиясына қатысты бұйрығы жарыққа шықты. Бұйрық жүйеде 11 сәуірге дейін талқылауда болады.
«2024 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлерден құжаттар қабылдаудың және осы конкурсты өткізудің мерзімдері бекітілсін», – делінген құжатта.
Бұйрыққа сәйкес, құжаттарды қабылдау – 2024 жылдың 29 сәуір мен 25 қазан аралығында, конкурсты өткізу – 2024 жылдың 20 мамыр мен 30 қараша аралығында жалғасатын болады.
Бұдан бөлек, бұйрықта 2024-2026 жылдарға арналған «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпаздары оқи алатын шетелдік оқу орындары...