Қазақстандағы тұтынушылардың сенімділік индексі (CCI) наурыз айында төртінші рет қатарынан төмендеді. Бұл жолғы төмендеу едәуір болды. Бір айдың ішінде инфляциялық күтулер де төмендеді. Теңгенің долларға қатысты бағамы нығайғаны қарамастан, қазақстандықтардың девальвациялық болжамы да біршама өсті. Сондай-ақ күнделікті қолданылатын азық-түлік бағасы мен жұмыссыздық мәселесі де қазақстандықтарды көп толғантады. Бұл туралы Freedom Finance Global компаниясының зерттеуінде айтылған.
Тұтынушылық сенімділігі күрт түсті
Қазақстандағы тұтынушылық сенімділігі наурыз айында 5,6 тармаққа төмендеп, 95,1 тармаққа жетті. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың экономикалық ахуал бойынша бағалары мен күтулері барынша нашарлады. Өткен 12 айдың ішінде елде орын алған экономикалық жағдайдағы өзгерістердің қосалқы индексі күрт төмендеді. Зерттеу жүргізіліп келе жатқан...