2024 жылдың 25 мамырынан кейін тотализаторлар мен букмекерлік кеңселер бәс тігуші азаматтарға қатысты ақпарат беруге міндеттеледі.
Қаржы министрінің 28 ақпанда жарияланған бұйрығына сәйкес, тотализаторлар мен букмекерлік кеңселер ақпаратты Мемлекеттік кіріс органдарына беріп отыруы қажет. Бұйрық жариялағаннан кейін 60 күннен кейін, яғни 26 мамырда күшіне енеді.
Бәс тігушілер туралы мемлекетке берілуі тиіс мәліметтер:
Жеке тұлғаның ЖСН; ойын бизнесін ұйымдастырушының азаматтан алған сомасы, оның алған күні мен уақыты; жеке тұлғаның ұтқан/ұтылған сомасы, күні мен уақыты.Осыған дейін аппараттық-бағдарламалық кешендерін интеграциялау тәртібі «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялы...