Қарағанды облысында сиырлардан аусыл анықталды

Жарияланды
Фермерлік шаруашылық аумағында карантин жарияланды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығының 2022 жылғы 14 қаңтардағы №1-S22R-38/B-01-02 сынақ хаттамасына сәйкес, Қарағанды облысы Шет ауданының Киікті ауылдық округінің Талдыбұлақ қыстағындағы «Мұрат» ФШ-да ірі қара мал арасында аусыл ауруының қоздырғышы анықталғанын хабарлайды.

Киікті ауылдық округінің әкімі Мерей Смағұловтың шешімімен 2022 жылдың 14 қаңтарында фермерлік шаруашылық аумағында карантин жарияланды.

ҚР Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы Асқар Жақыпбаевтың шешімі бойынша дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу үшін республикалық қордан «Глюзамин ВЕТ» құралы бөлінді.

ҚР Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының қаулысы негізінде инфекция ошағында мал қан шығарылмай жойылып, кейін ауру және олармен жанасатын жануарларды өртеу жүргізілетін болады.

Жануарлардың өлекселерін өртеу арнайы жабдықталған инсинератор (HURIKАN-3000) жылжымалы автокөлігінде жүргізіледі.

Өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Республикалық және жергілікті ветеринарлық мекемелерден күштерді тарта отырып, инфекция ошағын толық жою жүргізіліп жатыр.

Ветеринариялық-карантиндік іс-шараларға сәйкес инфекция ошағын жою жөніндегі штаб құрылып, ветеринариялық-карантиндік іс-шаралардың кешенді жоспары әзірленді, дезинфекциялық тосқауыл қойылды, жергілікті полицияны тарта отырып, «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ мамандарымен тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Сондай-ақ дизинфекция жүргізіліп, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде аусылдың таралуын болдырмау және алдын алу бойынша ескертулер жарияланып, жадынамалар таратылды.

Ауруды оқшаулау үшін 6 арнайы техника мен 25 қызметкер жұмылдырылды. Сондай-ақ, карантин соңғы ауру жануар жойылған күннен 21 күн өткен соң және ветеринариялық-карантиндік іс-шаралар өткізілгеннен кейін қорытынды дезинфекция сапасының нәтижелеріне сәйкес алынып тасталатынын хабарлаймыз.

Ауру ошағындағы эпизоотиялық жағдай қатаң бақылауда.

Еске сала кетейік, аусыл – үй және жабайы жануарлардың вирустық ауруы, жіті инфекциямен, безгегімен және ауыздың шырышты қабығында, желінде және тұяқтардың терісінде күлдіреулердің пайда болуымен сипатталады. Адамдар аусылмен ауыруы мүмкін, бірақ инфекция адамнан адамға жұқпайды.

Сондай-ақ оқыңыз