Бизнеске келтірілген шығын 103 млрд теңгеден асты

Жарияланды (жаңартылды )
Оның ішінде Алматыға 102,2 млрд теңгесі тиесілі

Бизнеске келтірілген шығын 103 млдр теңгеден асты. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәлімдеді.

Бизнеске келтірілген шығынға қатысты (12 қаңтар сағат 09.00-дегі жағдай бойынша):

Байланыс орталығына 4 833  қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 1988, форс-мажор – 246, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 17, бизнесті қалпына келтіру және зардап шеккен мүлікті бағалау – 271, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1946.

Елдің 11 өңірінде  1885 нысанда орналасқан 1615 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматы қаласында – 1771 нысанда орналасқан 1506 субъект.

 Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1482;

 қоғамдық тамақтану – 44;

қаржы секторы – 61;

логистика – 23;

БАҚ – 5 нысан. 

Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 103,7 млрд теңгеден асты (Алматыда 102,2 млрд теңге).

Сондай-ақ оқыңыз