Алматыдағы тәртіпсіздіктер: Оқиға жайында мәліметтер

Жарияланды

Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов қаладағы оқиға жайында мәлімет берді. Бұл туралы atamekenbusiness_qaz Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна хабарлады.

Мәйітханаға 7 рет шабуыл жасалды, қайтыс болғандардың 41 мәйітін белгісіз адамдар ұрлап әкетті;

полиция департаментінің ғимаратын басып алуға лаңкестер 27 рет әрекет жасады;

5 қаңтар күні таңертең Алматыда қала орталығына бір мезгілде 20 мың адам жиналды;

Алматыда тәртіпсіздіктер барысында лаңкестер 1347 қару ұрлады;

356 көлік зақымданды және жойылды, оның ішінде полицияға тиесілі 163 қызметтік көлік бар;

қарулы қылмыскерлер қала көшелерінде бейберекет оқ жаудырып, кездейсоқ өтіп бара адамдарды, дүкендегі сатып алушылар мен көлікті беруден бас тартқан жүргізушілерді мерт қылды;

6 қаңтар күні кешкі сағат 21:30 шамасында Алматы қаласы әкімдігінің жанында әкім Бақытжан Сағынтаевтың да кортежіне оқ жаудырылды;

қастандық салдарынан «Алматы» телеканалының қызметкері қаза тауып, тағы 3 адам, оның ішінде әкімдіктің 2 қызметкері жараланды;

қарулы қақтығыс пен шабуылдар кезінде Алматыда 149 адам қайтыс болды. Олардың басым бөлігі – қарақшылар мен лаңкестер, сондай-ақ олардың қолынан қаза тапқан бейбіт тұрғындар да бар;

қала прокуратурасы 71 адамға әкімшілік жазаларды жеңілдетті, уақытша ұстау изоляторынан 91 адам босатылды;

қаладағы Интернет желісі қалпына келтірілді.

Сондай-ақ оқыңыз