Түркістан тұрғыны алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цех ашқан

Жарияланды
Заң бұзушы сотталды

Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралар барысында жалған есептік-бақылау маркалары бар суррогат алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цех жойылды. Бұл туралы ҚР ҚМА Баспасөз қызметі хабарлады.

Құркелес ауылының тұрғыны М.Мейрбеков «Синяя гора», «Қызылжар», «Құлан» және тағы да басқа алкоголь өнімдерінің белгілі маркаларын заңсыз түрде антисанитарлық жағдайда өндіріп жүрген.

Оқиға орнын қарау барысында 930 есептік-бақылау маркалары, 2647 жарты литрлік түрлі маркалы арақ бөтелкелері, 200 литр құрамында спирті бар сұйықтық, сондай-ақ алкоголь өнімдерін құюға және жасауға арналған этикеткалар, қақпақтар және басқа да заттар тәркіленді.

М.Мейірбеков сотталды.
 

Сондай-ақ оқыңыз