Елордада бұрынғы инкассатор қызметкері 3,8 миллион теңгені жымқырған

Жарияланды
Ол жұмыстан шығарда бір құрылғының кілтін бермеген

Нұр-Сұлтандық полицейлер банкоматтан 3,8 миллион теңге ұрлады деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Тергеу мәліметінше, ұсталған азамат бұрын инкассатор болып жұмыс істеген. Жұмыстан шығарылғаннан кейін ол жұмыс берушіге бір құрылғының кілтін бермеген. Кешке ол супермаркетке келіп, терминалды кілтпен ашып, 3,8 миллион теңгені жымқырған.

Бұған дейін ұсталған азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады полиция.

Сондай-ақ оқыңыз