Түркістан облысында 48 шетел азаматы қамауға алынды

Жарияланды
Олар заң бұзған

Түркістан облысында «Мигрант» іс-шарасы барысында 48 шетел азаматы қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметкерлері осы салаға қатысты қандай да бір заңсыздыққа жол бермеу, алдын алу мақсатында қарқынды қызмет етіп келеді. ҚР ІІМ-нің тапсырмасымен республика көлемінде «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – облыс аумағындағы шетелдіктерді тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау, республика аумағына келу, болу, кету ережелерін сақтау.

Мәселен Арыс ауданында шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін ҚР-дан кетпеуінен көрінген, ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған ҚР ӘҚБтК-нің 517-баптың 3-бөлігімен бес шетел азаматына хаттама толтырылған. Ал анықтама не рұқсаттарды алмастан, ҚР-да еңбек қызметін жүзеге асырған үш азаматқа 517-бабы 5-бөлімімен шара көрілген. ҚР ӘҚБтК-нің 517-баптың 4-бөлігімен тоғыз жайтты тіркеп, тиісті әкімшілік шара көрілген.

Сонымен қатар 48 Тәжікстан Республикасының азаматы қабылдап-тарату орталығына қамауға алынған.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полиция қызметкерлері аталған іс-шарада тек құқықбұзушылықты анықтап қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескертеді.

 

Сондай-ақ оқыңыз