ШҚО-да 300-ден астам шетелдік жауапқа тартылды

Жарияланды
Оның ішінде 15 шетел азаматы елден шығарылды

Шығыс Қазақстан облысында 300-ден астам шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

 «Мигрант» жедел алдын алу шарасын өткізудің үш күні ішінде халықтың көші-қоны туралы заңнамасын бұзғаны үшін 322 шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 15 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылды.

 Қазақстан Республикасының 153 азаматы өздерінде көшіп келушілердің болуы туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабардар етпегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетел азаматының уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырып жүргені үшін 21 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Сондай-ақ оқыңыз