Қостанай облысында есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды

Жарияланды
“Қара” нарықта тәркіленген есірткінің құны 15 миллион теңгеге бағаланады

Қостанай облысында есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Рудный қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2021» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында психотроптық заттарды дайындау бойынша наркологиялық зертхананың қызметін тоқтатты.

 Осы мақсатта Қостанай қаласының 55 жастағы тұрғыны кеншілер қаласының автогараж қоғамдарының бірінің аумағында орналасқан гаражды жалға алған. Гаражда тінту барысында жедел уәкілдер жалпы салмағы 308,8 грамм «мефедрон» психотроптық заты бар 446 zip-пакетті тәркіледі, бұл аса ірі мөлшерге жатады. 

Бұрын осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталған ер адам мүлкін тәркілеп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

 

Сондай-ақ оқыңыз