БҚО-да 88 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жарияланды
Көші-қонның заңнамасын бұзған

Батыс Қазақстан облысында 88 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шараның негігі мақсаты – көші-қон заңдылықтарының бұзылуы, заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылар мен оның арналарын, сондай-ақ сот шешімімен ҚР-нан тысқары шығарылған және болу мерзімдері бұзылған шетелдіктерді анықтау және шетелдіктермен көші-қон заңдылықтарының сақталуына бақылау жүргізуге және рейдтер ұйымдастыруға бағытталған.

БҚО-да «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында БҚО ПД қызметкерлері екі күннің ішінде көші-қонның заңнамасын бұзған 146 дерегін анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Оның ішінде 88 шетелдікке ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған (ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабы бойынша) 52 және шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған алты ҚР азаматтары мен заңды тұлғалар (ҚР ӘҚБтК-нің 519 бабы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Көші-қон заңдылықтарын бұзғаны үшін сот шешімдерімен ТМД-ның 11 азаматына қатысты сот шешімі қабылданып қазіргі уақытта Түркістан облысындағы «Жібек жолы» бақылау-өткізу бекеті арқылы елден шығару жұмыстары ұйымдастырылуда.

Бұдан басқа, төлқұжаттарын белгісіз жағдайда жоғалтып алып, құжатсыз жүрген Өзбекстан Республикасының 4 азаматы көші-қон қызметкерлерінің көмегімен Қазақстан Республикасында орналасқан Өзбекстан Республикасының елшілігі арқылы төлқұжаттары қалпына келтіру үшін сұраныс жолданды қажетті мәліметтер алынғаннан кейін шешім қабылданатын болады.

 

Сондай-ақ оқыңыз