Алматыда гашиш сатушы ұсталды

Жарияланды
Оның салмағы 6,23 грамм

Алматыда гашиш сатушысы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция бөлімінің хабарлауынша, есірткі сатушы кешкі сағат сегізге жақын қала алаңдарының бірінде ұсталған.

    «Әңгіме 1987 жылы туған С.есімді ер адам жайлы. Ол есірткі құралдарының сатылым фактісі бойынша күдікті. Жеке тексеру кезінде құрамында жасыл түсті зат бар полиэтилен пакеті табылып, процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Сот-химиялық сараптама оның гашиш екенін анықтады. Оның салмағы 6,23 грамм болды», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Сонымен қатар спикер С.есімді ер адамның қылмыстық әрекеті ресми түрде құжатталып, қылмыстық іс материалдарына тіркелгенін атап өтті.

 

Сондай-ақ оқыңыз