1 view

“Тұрғын үй кезегін жылжытамын” деп алдаған алаяқ ұсталды

Ол алаяқтық жолмен 100 мың теңге ақша алған

Фото: Polisia.kz

“Тұрғын үй кезегін жылжытамын” деп шымкенттікті алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 5 мамырында Қаратау аудандық ПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, бейтаныс азамат тұрғын үй кезегін жылжытып беремін деп, алаяқтық жолмен 100 мың теңге ақшасын иемденген. Қазіргі уақытқа дейін не ақшасын қайтармай, не тұрғын үй кезегін жылжытып бермей жүргенін жазып көрсеткен.

Қаратау аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент қаласының 45 жастағы тұрғыны анықталды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер