1 view

Оралда 22 миллион теңгені жымқырған алаяқ ұсталды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде

Фото: Polisia.kz

Оралда 22 миллион теңгені жымқырған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

БҚО ПД қызметкерлеріне Орал тұрғыны үлкен көлемдегі ақшасын алаяқтың жымқырып кеткені туралы шағым түсірді. 1987 жылы туған Г. есімді азаматтан танысы 2018 жылы пайызбен қарызға ақша алып, сенімге кіріп, осы уақытқа дейін қайтармаған.

Ал алған қарызының құны 22 миллионға жеткен. Жәбірленуші тарап полицияға шағым түсірді. Қабылданған шаралар бойынша 1988 жылы туған К. есімді азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оның басқа құқық бұзушылықтарға қатыстылығы анықталуда.

Қазіргі таңда алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК 190-бабы 4-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер