Заңсыз аң аулаған әке мен бала ұсталды

Жарияланды
Көліктен 12 калибрлі тегіс ұңғылы қару алынды

СҚО Қызылжар ауданының Лесной ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Сағидолла Етекбаев заңсыз аңшылық фактісін анықтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік полиция инспекторы ауылдағы автожолмен өтіп бара жатқан кезде жолдың шетіне тоқтаған 64 жастағы ауыл тұрғынының «ВАЗ» маркалы автокөлігін байқаған. Полицей тоқтап, қандай көмек қажет екендігін сұраған. Ер адам көліктің сынып қалғаны, ұлының қажетті бөлшекті әкеле жатқаны жайлы айтқан.

Алайда учаскелік инспектор шетте тұрған жас жігітті байқаған. Ол 29 жастағы жігіттің көлікке сібір елігінің өлі денесін сүйреп бара жатқанын көрген. Учаскелік инспектор оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобын шақырған. Көліктен 12 калибрлі тегіс ұңғылы қару алынды.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

 

Сондай-ақ оқыңыз