1 view

“WhatsApp” мессенджері арқылы пирамида құрған алаяқ анықталды

Ол 20-ға жуық адамға 70 млн теңгеден астам шығын келтірген

Фото:shutterstock

Ақмола полицейлері интернет-ресурстардың көмегімен пирамида ұйымдастырған алаяқты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

2021 жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 65 жастағы тұрғынынан бейтаныс әйелдің интернет-ресурстардың көмегімен алдау арқылы 63 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын заңсыз иемденгені туралы арыз келіп түсті. 

Аталған факт бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Көкшетау қаласының 48 жастағы тұрғынының ақша табу мақсатында 2020 жылы “WhatsApp” мессенджері арқылы  пирамида құрғаны анықталды. Оның құрбандарының қатарында  Ақтау, Жаңаөзен, Нұр-Сұлтан, Павлодар қалаларының тұрғындары болған. 20-ға жуық жәбірленушіге жалпы сомасы 70 млн. теңгеге залал келтірілген. Аталған әйел өз кінәсін мойындады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер