Сүйіктісіне сыйлық жасау үшін қарағандылық жігіт жұмыс орнынан ақша ұрлады

Жарияланды
Қызмет атқаратын мекемеден 200 мыңнан астам ақша ұрлаған

 Қарағанды облысында ауыл азаматы өзінің сүйіктісіне сыйлық жасау үшін қызмет атқаратын мекемеден 200 мыңнан астам ақша ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

 Қарағанды облысы, Шет аудандық полиция бөліміне аудандағы мекемелердің бірінен ақша ұрланды деген хабарлама түскен. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді. Алдын ала тергеу кезінде белгісіз біреудің мекеменің кассасы тұрған бөлменің құлпын сындырып, кассадан 225 мың теңге ұрлағаны белгілі болды.

 Полиция қызметкерлері ұрлық болған күні мекемедегі бейнекамералардың өшірулі болғанын анықтады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы азамат ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу барысында күдікті азаматтың ұрлық болған жерде күзетші болып істейтіні белгілі болды.

Сүйіктісіне ғашықтар күніне сыйлық жасау үшін ұрлыққа барғанын айтқан. Сол күні ол мекемедегі бейнебақылау камераларын сөндіріп, ұрлық жасаған. Тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Сондай-ақ оқыңыз