Павлодар облысында ірі көлемді есірткі заты тәркіленді

Жарияланды
Ұсталған азамат еліміздің оңтүстік өңірінің 24 жастағы тұрғыны

Павлодар облысында ірі есірткі жеткізушіден 100 миллион теңгеге «синтетик» тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылы 12 наурызда сағат 09.35-те Павлодар қаласында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері ауқымды операция жүргізді. Нәтижесінде Павлодар қаласында орналасқан жасырын орнынан алынған бір келіден астам синтетикалық есірткі заттарын өткізу әрекеті кезінде есірткі курьері ұсталды. 

    «Ұсталған азамат еліміздің оңтүстік өңірінің 24 жастағы тұрғыны, Павлодар облысындағы ірі есірткі құралдарын  жеткізушілердің бірі болып шықты», – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті Павлодар қаласының УҰИ-на қамалды.

Сондай-ақ оқыңыз