Облыс әкімі 400 мың теңге пара алғаны үшін жазаланды

Жарияланды
Оған 28 миллион теңге айыппұл салынды

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Ризат Сабировқа 400 мың теңге пара алғаны үшін 28 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров департаментте өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Сот дәл осындай жазаны Сабировтың сыбайласы – Аршалы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы Самат Оспановқа тағайындады.

 «Олар жер пайдалану құқығын беру туралы жер комиссиясының оң шешімі үшін кәсіпкерлік субъектісінен бұрын келісілген 800 мың теңгенің 400 мың теңге көлемінде параның бір бөлігін алды деп айыпталады.» – деді тергеуші.

Күдіктілер Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы бойынша – алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған мемлекеттік қызметшіге бопсалау жолымен едәуір мөлшерде пара алу бойынша ұсталды. Бұл үшін ең жоғарғы жаза – параның жетпіс еселенген мөлшерінде айыппұл.
 

Сондай-ақ оқыңыз