1 view

Манекенде ілулі тұрған екі тонды ұрлап кеткен күдікті ұсталды

Күдікті ұрлаған заттарын сатып үлгерген

Фото:inform.kz

Қарағанды қаласының тұрғыны сауда үйлерінің бірінде манекенде ілулі тұрған тондарды ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Ұрлық жасаған азамат манекенде ілулі тұрған екі тонды алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 30 мың теңгені құрады.

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы азамат ұсталып, ол қылмысын мойындады. 

Күдікті ұрлаған заттарын сатып үлгерген. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер