Қызылордада 3 бірдей жылқыны атып алған күдікті құрықталды

Жарияланды
Үш бас жылқыны мылтықпен атып, сол жерде сойып алып

 Қызылорда облысының Қармақшы ауданында ауыл тұрғындарының үш бас жылқысын атып алған мал ұрысы құрықталды,  – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Қармақшы аудандық полиция бөліміне ІІІ-Интернационал ауылының үш бірдей тұрғыны белгісіз біреулердің ІІІ-Интернационал ауылына қарасты мал жайылымында үш бас жылқыны мылтықпен атып құлатып, сол жерде сойып алып, оқиға орнынан бой тасалағаны туралы арызданған.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында осы қылмысты жасауға күдікті анықталып, ұсталды. Ол Жосалы кентінің жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Айғақ заттар алынды. Казіргі таңда күдікті қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігімен (Мал ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ауыл тұрғындары қылмысты ашқан учаскелік полиция инспекторына алғыстарын білдірді.

 

Сондай-ақ оқыңыз