Есірткіні заңсыз тасымалдаған тараздық тұрғын қамалды

Жарияланды
5-10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген

Есірткіні заңсыз тасымалдаған тараздық қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында Тараз қаласы Полиция басқармасының тергеу бөлімімен қылмыстық түзеу мекемесінің аумағына есірткі құралдарын заңсыз тасымалдады деген күдікпен бұрын сотталған 26 жастағы қала тұрғыны ұсталып, Тараз қаласының УҰИ-ге қамалды.

Тергеу барысында 8 қазан сағат 15.30 шамасында Тараз қ. ПБ жол-патрульдік қызметінің қызметкерлері қатарынан осы мекеменің сыртқы периметрін патрульдейтін мобильді топ «кептірілген марихуана» есірткі құралын ірі мөлшерде, яғни 91,76 грамм мөлшерінде лақтырған 26 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оны жеке тінту барысында шалбарының қалтасынан 2,32 грамм мөлшерінде «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленгені анықталды. Сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған адамның бұрын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін мерзімін осы мекемеден өтегеннен кейін босатылғаны анықталды. Күдіктінің іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігі және 296-бабының 2-бөлігі бойынша сараланған, олардың санкциясында мүлкі тәркіленіп, бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Күдікті өз кінәсін мойындамады және оған қатысты тергеу органы күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Тергеушілер сырттан лақтырылған есірткі кімге арналғанын анықтау бойынша жұмыстар жасауда.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысының ПД бастығы Ж.Сүлейменовтің нұсқауы бойынша ҚАЖД түзеу мекемелерінің аумағында есірткі құралдарын заңсыз лақтырумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында атты кавалерия және Тараз қ. ПБ патрульдік полиция қызметкерлерінен тұратын мобильді топтар құрылды.

 

Сондай-ақ оқыңыз