Алматы облысында құс фабрикада 41 мың тауық ауа жетпей қырылып қалды

Жарияланды
Фабрикада құс тұмауын анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп, талдау теріс нәтиже көрсеткен

Ұйғыр ауданындағы «Otan Green Food» ЖШС құс фабрикасында ауа жетіспеуі салдарынан 41 мың тауық қырылып қалды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, тауықтардын қырылу себебі фабрикада жабдық істен шыққан.

 «Екінші бройлер цехының үшінші корпусында микроклиматты бақылайтын компьютер істен шыққан. Бұл ауа беру клапандарының жабылуына әкелген. Салдарынан бөлмедегі температура көтеріліп, оттегі азайған. Бұл деректі кәсіпорынның мал дәрігерлік қызметі растады», – делінген Ұйғыр ауданының әкімдігі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, әкімдік фабрикада құс тұмауын анықтау бойынша жұмыс жүргізілгенін, талдау теріс нәтиже көрсеткенін атап өтті.
 

Сондай-ақ оқыңыз