Чилиде магнитудасы 6,2 жер сілкінісі болды

Жарияланды
Құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ

Чилидің жағалауында магнитудасы 6,2 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы АҚШ Геологиялық қызметі мәлімдеді. Бұл туралы  Анадолу сайты хабарлады. 

Жер сілкінісінің эпицентрі Мәуле аймағындағы  Конститусьон қаласынан солтүстік-батысқа қарай 99 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 20 шақырым тереңдікте болды.

Чили бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, дүмпулер Кокимбо, Вальпараисо, О’Хиггинс, Нбле, Био Био, Ла Араукания және Метрополитен аудандарында да сезілген.

Зардап шеккендер туралы ақпарат хабарланған жоқ.

 

Сондай-ақ оқыңыз