1 view

Солтүстік Қазақстан облысында астық науқаны кезінде 32 ұрлық ашылды

Ұрлықты кәсіпорындар мен шарушылықтардың жұмысшылары жасаған

Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер астық жинау науқаны кезінде 32 ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті “Астық – 2020” жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. “Астық – 2020” операциясы 20 тамыз – 10 қазан аралығында өткізілді. 13 ауданның әрқайсында криминалдық полиция, учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полицейлер, кинологтардан тұратын мобильдік топтар жұмыс істеді.

Егістіктегі ұрлықтарды анықтау және алдын алумен қатар, полицейлер диқандар мен астық жинау науқанына жұмылдырылған адамдарға көмек көрсетуге баса назар аударды. СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаровтың айтуынша, мобильдік топтардың қызметкерлері дала жолдарын, түнде жарықсыз жүрген көлік құралдарын, құжаттар мен жүктерді тексерген. “Астық – 2020” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында СҚО-да 35 қылмыс тіркелген.

Оның  ішінде астық ұрлаудың 21 фактісі, жанар-жағармай ұрлаудың 7 фактісі, ауылшаруашылық техникасының қосалқы бөлшектерін ұрлаудың 4 фактісі, гербицид ұрлаудың 3 фактісі бар. Полиция қызметкерлері аталған 35 қылмыстың 32-нің  “ізін суытпай” ашқан. Көбіне ұрлықты астық науқанына жұмылдырылған кәсіпорындар мен шарушылықтардың жұмысшылары жасаған.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер