1 view

Kaspi.kz бөлімшесіне шабуыл жасағандар ұсталды

Күдіктілер қамауға алынды

Фото:sn.kz

Алматыда Kaspi.kz компаниясына жасалған қарақшылық шабуылдың беті ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Алматы қаласы ПД криминалдық полициясының хабарлауынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен 1985, 1986 және 1992 жылы туған үш ер адам ұсталды. 

Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері С. және У. есімді күдіктілерді ұстады. Үшінші күдікті дәл қазір Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының ПД қызметкерлерімен ұсталды.

Заттай дәйектер – ұрланған қаражат тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлімі бойынша Алмалы аудандық Полиция басқармасының тергеу жүргізген қылмыстық іс материалдарына тіркелген. Қаскөйлер қолданған аңшы мылтығы солардың біріне тиесілі екендігі анықталды. Ұсталғандар қамауға алынды.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif