Атырау облысында бес тәуліктен бері қамыс өртеніп жатыр

Жарияланды
Өртенген жердің жалпы ауданы 1,5 гектарды қамтиды

Каспий жағалауда 5 күннен бері өртеніп жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«15 қазанда таңертеңнен бері өртті жоюға «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-171 тікұшағы жұмылдырылды. Екі күн ішінде тікұшақ 66 тонна көлемінде 22 рет су шашты. Сонымен қатар, облыстық ТЖД-ның жеке құрамынан 55 адам жұмылдырылды. Өртті сөндіру батпақты жермен және өсімдіктердің қалың өсуімен ушықты, осыған байланысты техниканың баруы қиындады. Өртті сөндіру аспалы өрт сөндіргіштер мен шартылдақтардың көмегімен жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні өртенген жердің жалпы ауданы 1,5 гектарды құрайды, оның 1,2 гектары сөндірілді. Шамамен 0,3 гектар жерде өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта өрт теңізге жылжып барады», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта өртену ошақтарын жою бойынша күшейтілген шаралар жүргізілуде. Түтінге қарамастан, елді мекендерге қауіп жоқ.

 

Сондай-ақ оқыңыз