Түркістан облысында тұрғынның ауласынан есірткі тәркіленді

Жарияланды
70 граммға жуық «марихуана» анықталды

Түркістан облысының полицейлері есірткі егілген ауланы тауып, күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі егілген ауланы тауып, күдіктіні құрықтады. Нақтырақ айтсақ, полиция бөліміне жергілікті тұрғын үйінде есірткі затын өсіруі мүмкін екендігі жөнінде хабарлама түседі.

Ақпарат алысымен Түркістан облысы ПД ЕҚҚІҚБ-ның және Жетісай АПБ қызметкерлері бірлесіп күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Қабылданған жұмыстар нәтижесінде, полиция қызметкерлері тұрғын үйінің ауласында заңсыз, өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсіп тұрған 13 түп жасыл түсті, хош иісті өсімдік тапты. Сараптама тағайындалды. Қорытындыға сәйкес алынған түптер 70 граммға жуық «марихуана» болып шықты.

Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК 300-бабы (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді ірі мөлшерде заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатпен босатылды.

Түркістан облысының полицейлері есірткі қолданып болмаса өсіріп өзін ғана емес бүкіл қоғамды улау, заң аясында жауапқа тартылатынын ескертеді. Қайта салауатты өмір салтын ұстанып, пайдалы әрекеттер жасап өмір сүруге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыз