Талғар ауданында сауна-притон анықталды

Жарияланды
Мекеме әкімшісіне қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр

Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы сауналардың бірі келушілерге интим қызмет ұсынған, – деп хабарлады Polisia.kz. 

Әйел қонақ үй қызметтерін ұсыну саласындағы заңды қызметінің сылтауымен жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырып, ұстаған. Аталған дерек Алматы облысы аумағында «STOP трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықталды.

   «STOP трафик операциясының кезекті кезеңі адам саудасы, заңсыз бас бостандығынан айыру, жезөкшелікпен айналысуға тарту, притондар мен жеңгетайлық ұйымдастыру деректерінің алдын алу және анықтау мақсатында өткізілді. Іс-шара барысында Бесағаш кентіндегі сауналарының бірінде қыздарды интимдік қызмет көрсету үшін ұсынған әкімші ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Барлық фигуранттар ұсталды. Мекеме әкімшісіне қатысты тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілетін болады», – деп хабарлады Алматы облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығы Асхат Данияр. 

Полицияның мәліметіне сәйкес, 10-12 қыркүйек аралығында, яғни екі күн ішінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны және жеңгетайлық жасағаны үшін үш қылмыстық іс қозғалған.

Сонымен қатар, жедел уәкілдер жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай берудің екі дерегін анықтап, екі қонақ үй мекемесінің әкімшілеріне қатысты әкімшілік іс қозғалды, сондай-ақ қоғамдық орындарда тиісудің екі дерегінің жолын кесті және т.б.
 

Сондай-ақ оқыңыз