СҚО-ның аңшылық алқаптарында рейд жүріп жатыр

Жыл басынан бері 661 құқық әкімшілік бұзушылық анықталды

Фото: Polisia.kz

Жыл басынан бері СҚО-да қару сатып алу, сақтау немесе тасымалдау қағидаларын бұзғаны туралы 429 әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыста 5 қыркүйектен бастап күзгі аңшылық маусымы басталды. Заңсыз аңшылық фактілерін анықтаудан басқа, учаскелік инспекторлар мен табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері аң шаруашылығы қорықшыларымен бірге аңшылардың құжатын, қаруды сақтау және тасымалдау қағидаларын тексеріп, өрт және жеке қауіпсіздік техникасы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.

СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы Құрман Мусиннің айтуынша, қаруды сатып алу, сақтау немесе тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін жыл басынан бері 429 хаттама толтырылған. Баптың санкциясы жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көздейді. Сонымен қатар, полицейлер қарумен байланысты ұсақ құқық бұзушылық болмайтынын, қауіпсіздік техникасын ескермеудің соңы қайғылы жағдайға әкеп соқтыратындығын айта кетті. Қажетті құжаттардың тізімі, сондай-ақ кәсіпшілік немесе спорттық аң аулау кезінде қаруды тасымалдау қағидалары ҚР 2015 жылғы 27 ақпандағы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген “Аң аулау қағидаларында” жазылған. Көбінесе, жолдаманың қолданылу аумағынан тыс жерде аңшы оғы алынған және бұзылған аңшылық атыс қарумен немесе пневматикалық қарумен болуға тиісті. Аң аулау кезінде ішімдік ішуге тыйым салынады, сондай-ақ жеке және өрт қауіпсіздігі техникасын қатаң сақтау қажет.

"Егер сіз тіркелмеген қару тауып алсаңыз немесе ол қайтыс болған туыстарыңыздан қалған және тағы басқа жағдайда табылған болса – бұл жайында “102” нөмірі бойынша шұғыл полицияға хабарлау қажеттігін естеріңізге саламыз. Мекенжайға жедел-тергеу тобы барып, қару белгіленген тәртіп бойынша алынатын болады. Қаруды ерікті түрде тапсыру, егер адамның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаған жағдайда қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершіліктен босатады", – дейді Құрман Мусин.

Жалпы, жыл басынан СҚО аумағында қарумен байланысты 661 құқық әкімшілік бұзушылық анықталды.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif