Нұр-Сұлтанда бірнеше рет ескерту жасалған түнгі клуб әкімшісі қамауға алынды

Жарияланды
Карантинге қарамастан 30-ға жуық жасөспірім көңіл көтеріп отырған

Нұр-Сұлтанда «Алания» түнгі клубтың әкімшісі карантинді бірнеше рет бұзғаны үшін қамауға алынды,- деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі сағат 1: 35-те Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметкерлері «Алания» түнгі клубында карантиннің бұзылғанын байқаған. Полиция қызметкерлері түнгі клубқа кірген кезде карантинге қарамастан 30-ға жуық жасөспірім көңіл көтеріп отырған.

Бұған дейін 25 жастағы түнгі клуб әкімшісіне бірнеше рет ескерту жасалып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған, бірақ ол мекеме қызметін жалғастыра берген. Аталған факт бойынша түнгі клуб әкімшісіне қатысты әкімшілік материал қозғалып, ол Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралып, кінәлі деп танылды және бір тәулікке қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыз