Италияда қазақстандықтар мінген кеме өртенді

Жарияланды
Кеме бортында 17 адам болған

Қазақстандық туристер мінген яхта Италия жағалауында өртеніп кетті, – деп хабарлайды Euronews.  

Өрт басталғанда 50 метр Lady MM қайығы Капри аралынан Сардиния аралына қарай бағыт алғаны айтылған. Жағалау күзеті түсірген бейнежазбадан кеме қара түтіннің астында қалып, суға батып жатқанын көруге болады.
 

Тілсіз жауды жағалау күзетінің екі катері және тікұшақ сөндірді. 

Сол кезде бортта 17 адам болған. Оның сегізі – қазақстандық туристер және қалған 9-ы – экипаж мүшелері. Олар қайықтан өздігінен түсіп, шағын қайыққа отырған. Ары қарай оларды жағалау күзеті шығарды.

Сондай-ақ оқыңыз