Алматыда сауна мен қымбат бильярд клубы жұмыс істеген

Мекеме иелеріне 638 мың теңге айыппұл салынды

Фото: Polisia.kz

Алматыда карантин кезінде элиталық сауна және қымбат бильярд клубы жұмыс істеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел уәкілдер элиталық сауна мен карантин кезінде жұмыс істеген қымбат бильярд клубын анықтады.

  "Бостандық ауданында элиталық сауна жұмыс істеді. Санитарлық нормалар мен талаптарға қарамастан, кешен өз жұмысын жалғастырды және келушілерді таңертеңге дейін қабылдады. Тексеру кезінде мекемеде 12 адам болды, олардың 9-ы жеңіл жүрісті қыздар болды. Айтпақшы, моншаға барлығы кіре бермейді, ішкі қауіпсіздік қызметі кірудің қатаң жүйесін жүргізді. Бір уақытта дерлік басқа мобильді топ бильярд клубын анықтады. Мұнда 13 адамнан тұратын топ туған күнді атап өтті", – деді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Келушілер, монша кешені мен бильярд клубының қызметкерлері ҚР ӘҚбК-нің 425 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бейнеде көрсетілген мекемелердің иелеріне қатысты 638 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif