Алматыда арықтан жаңа туған нәресте табылды

Қазір көкек ана іздестірілуде

Фото: Polisia.kz.

Бүгін, түнгі бірде алматылық тұрғын арықтан баланы тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz. 


Белгілі болғандай, жаңа туылған нәрестені Алмалы ауданындағы Райымбек даңғылы бойындағы арықта дәрменсіз күйде қалдырып кеткен. Куәгер оқиға орнына дереу жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырды. Бала денсаулығы мен күтімін бақылау үшін ауруханаға жеткізілді. 


Қазіргі уақытта Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі баланың биологиялық анасының орналасқан жерін анықтау және полицияға тапсыру үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. 

Алматы полициясы қамқор азаматтарды нәрестенің биологиялық анасы туралы кез-келген ақпарат болған жағдайда бұл туралы полицияға дереу хабарлауға шақырады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif