Тауда адасып кеткен баланың біреуі құздан құлап қайтыс болды

Жарияланды
Түркістан облысында 3 оқушы адасып кеткен

Түркістан облысының Төле би ауданында адасып кеткен балаларды таудан түсіру бойынша құтқару операциясы жүргізілуде. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады. 

«2020 жылғы 15 маусымда күндіз Түркістан облысы, Төле би ауданы, Бургулюк ауылынан 5 шақырым жерде, «Бургулюк» демалыс аймағында құрамында 25 адамнан тұратын топ, оның ішінде үш ересек және 22 оқушы тау бөктерінде демалуға шықты. 9 оқушы мен 1 тәрбиеші тобы құрамында  күндіз тауға шықты, ал 6 оқушы мен 1 тәрбиеші таудан өз бетінше түседі, 3 оқушы адасып кетеді. Сағат 22:48-де  таудан түскен соң, тәрбиеші оқиға туралы «112»  нөміріне ақпарат берді. Сағат 23:00-ден бастап Шымкент қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының (6 қызметкер мен 1 бірлік техника), Түркістан облысының ТЖД (10 қызметкер мен 3 бірлік техника), жедел медициналық жәрдем бригадасы (5 жұмысшы мен 1 бірлік техника), полиция бөлімі (2 адам мен 1 бірлік техника) күштері іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуде, барлығы 23 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды», – делінген хабарламада.

16 маусым  сағат 00:58-де Шымкент қаласы ТЖД ЖҚЖ іздестіру тобы жардан құлаған 2003 жылғы жасөспірімнің денесін тауып, жерге түсіреді және полицияға тапсырады.

16 маусымда сағат 10:00-де жағдай бойынша құтқарушылар тауда орналасқан 2 оқушыны тапты. Құтқарушылардың айтуы бойынша олармен ұялы байланыс бар.

Шымкент қаласы ТЖД ЖҚЖ құтқарушылары альпинистік құрал-жабдықтарды қолдана отырып, балаларды түсіру және құтқару бойынша құтқару операциясын жүргізуде. 
 

Сондай-ақ оқыңыз