Атырауда жарылған автоцистернаның кесірінен алып ғимарат құлады

Жарияланды
Адамдарды күйік шалды

Таңертең Атырау қаласы Атамбаев көшесі ЖШС «ПромГаз“ аумағында газ-ауа қоспасын төгу кезінде газ ағып, жойқын жарылыс болды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Кейін “Форд» маркалы автоцистерна кабинасы жалынға оранды. Жарылыс кезінде 60-70 метр қашықтықта тұрған ғимарат қираған.

Шақырту орнына Атырау облысы ТЖД-ның 25 қызметкері мен төрт техникасы жетті. Сағат 09-58 – де өрт толықтай жойылды.

Төрт адам күйік шалды. Олар ауруханаға жеткізілді: жанар-жағар май құюшы, газовоз жүргізушісі және Атырау облысы ТЖД екі қызметкері, 4-ӨСБ бөлімше командирі және өрт сөндірушісі.
 

Сондай-ақ оқыңыз