Төтенше жағдай кезінде беташар жасағандар жауапқа тартылды

Жарияланды
Тәртіпті бұзғандар Мақтаарал ауданының тұрғындары

Түркістан облысында төтенше жағдай режимін бұзған екі тойдың иесі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал ауданының полицейлері екі тойдың да иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы «Төтенше жағдай режимiн бұзу» бойынша хаттама толтырды. Құжаттар аудандық сотқа жолданды.

Бұған дейін, дәл осы ауданда беташар тойын ұйымдастырған тұрғын анықталып, оған қатысты хаттама толтырылған. Түркістан облысының полицейлері еліміздегі төтенше жағдайға байланысты той жасамауды, денсаулыққа аса мән беру керектігін ескертеді. Дәрігер мамандардың айтуынша, әлемді шарлап бара  жатқан вирус адамдар көп шоғырланған жерде тез таралады. Сондықтан ,той мен жиын ұйымдастырудан және оған барудан бас тартып, неғұрлым үйде сақтық шараларын ұстанған жөн.
 

Сондай-ақ оқыңыз