1 view

Коронавирустың кесірінен Италия түрмелерінде бүлік шықты

Тұтқындар рақымшылық жасауды талап етті

Фото: EPA


Коронавирустың кең етек алуына байланысты Италияның 27 түрмесінде тәртіптсіздік орын алды. Олар билік басшыларынан рақымшылық жасауды талап етті. Бұл туралы DW басылымы хабарлаған болатын. 

Түрмедегі бүліктер әсіресе Милан мен Рим қалаларында өтті. Сотталғандар өздері жатқан матрастарды өртеп, ауруханаларға түсуге тырысқан. Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздіктер Неаполь, Фрозинон, Верчелли, Алессандрия, Фогги, Салерно және Моденада да орын алған.

Моденада 50-ге жуық тұтқын қашып кетуге әрекет жасаған. Олардың арасында үш адам қайтыс болған.
Ал, Иранда түрме ішінде жұқпалы індеттің таралуын болдырмас үшін 70 мың тұтқын босатылған. 


«Бұл қамауда отырған тұтқындардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр»,- дейді Иранның Жоғарғы сотының төрағасы Эбрахим Раиси

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер