Қазақстан COVID-19 сараптамасын жасау үшін қосымша тест сынақтарына тапсырыс берді

Жарияланды
Министр қорымызда 100 мың тест сынағы болатынын мәлімдеді

 «Үш мыңнан астам қазақстандық бұған дейін коронавирустық инфекцияға тексеруден өткен»,-деп мәлімдеді министр Елжан Біртанов.

 «Біздің елде  Ресей Федерациясыннан, Қытай, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктерінен келген тест сынақтары бар. Қазақстанға осыған дейін15 мың тест әкелінген. Қазіргі уақытта 3389 азаматқа 5093 тест қолданылды, 9907сынақ тесті қалды »,-деді министр.

Жүргізілген сынақтардың ішінде екі оң нәтиже анықталды.

 «Сонымен қатар, біз тағы 60 мың сынақ тестін күтіп отырмыз, қосымша  тағы 40 мың тапсырыс бердік», – деді Біртанов.

Оның айтуынша, жедел респираторлық синдромы бар науқастар тексерістен өтеді.
Бүгін екі қазақстандықтан коронавирус инфекциясы белгілі болды. Індетті жұқтырған екі адам Германиядан келген. Олар қазір Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша науқастар өзін жақсы сезінеді екен.
 

Сондай-ақ оқыңыз