1 view

Алматыға қоқыс таситын көліктер ғана кіре алады

Рұқсат қағазы арнайы көліктерге беріледі

Фото: Shutterstock

Алматыда өткен брифингте  қала әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапановтың мәліметінше, қалаға тек арнайы қызмет өкілдері ғана кіріп шығады.

«Қарасай ауданында орналасқан қоқыс полигонына 330 көлік ғана барып келе алады. Олар санитарлық тексерістен өтеді. Олардың барлығын жол патруль көліктері алып жүреді. Қазір бізге инкассация көліктері де жүгініп жатыр. Оларды да өткізетін боламыз.  Барлық көліктер 27 блок постта санитарлық өңдеуден өтеді»,- Қожағапанов.

«Қала жабық болатындықтан ешқандай рұқсат қағазы болмайды. Комиссия қалаға маңызды жүк таситын көліктер мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін көліктердің кіруіне ғана рұқсат береді. Карантин талабы –осы. Біз бұл вирусты осы қалада жеңуіміз керек», - деді ол. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook және Telegram


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер