Жыл басында инфляция 1,3%-ды құрады

Жарияланды
Статистика комитеті соңғы деректерді жариялады

Қаңтар-ақпан айларында азық-түлік бағасы 1,9%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 1%, ақылы қызмет бағасы 0,9%-ға қымбаттады деп хабарлайды ҚР Статистика комитеті.

«Ағымдағы жылдың басынан (2020 жылғы ақпан 2019 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі көкөністерге – 11,6%, жармаларға, сары майға – 2,9%, жемістерге – 2,3%, ұнға – 2,1%, макарон өнімдеріне – 1,9%, пастерленген сүтке, мұздатылған балыққа – 1,6%, ет өнімдеріне, жылқы етіне – 1,5%-дан, сүзбеге – 1,4%, қой етіне, мәйекті ірімшікке, қышқыл сүт өнімдеріне – 1,3%, шұжық өнімдеріне, сиыр етіне – 1,2%-дан, шайға – 1,1%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне 0,9% белгіленді. Темекі өнімдері 3,2% қымбаттады. Бағаның төмендеуі құмшекерге – 2%, күрішке – 1,7%, сөкке 1,1% тіркелді», – делінген хабарламада.

Баға өсімі автомобильдерге – 1,3%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 1,1%, тұрмыстық аспаптарға – 1%, жеке қолданылатын тауарларға – 0,9%, тоқыма бұйымдарына – 0,8%, жиһаз және үйге қажетті заттарға, ыдысқа 0,7%-дан құрады. Бензин – 5%, дизель отыны 0,3% қымбаттады, ал тас көмір 0,3% арзандады.  

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер қоқыс шығаруға – 4,9%, электр энергиясына – 3%, орталықтан жылытуға – 0,8%, ыстық суға – 0,7%, суық суға 0,6% өсті, ал кәрізге 0,9% төмендеген.

Сондай-ақ оқыңыз