Skip to main content

Коронавирустың алдын алу шаралары күшейтіліп жатыр

Бірініші санатқа енген елдердің тізімі толықтырылды

Фото: Асқар Ахметуллин

2020 жылдың 1 наурызынан ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу шараларын күшейтудің төртінші кезеңін енгізді.  Бұл туралы Үкімет отырысында ведомство басшысы Елжан Біртанов хабарлады. 

Бас санитарлық дәрігердің коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы қаулысы  бойынша, 1 наурыздан бастап COVID-19 таралған елдердің тізімі толықтырылған. 

«Бірінші санатқа Италия, Гонконг, Жапония, Тайвань, Макао, Оңтүстік Корея кірді. ҚХР мен Ираннан келген адамдар 14 күн карантинге жатқызылады, одан кейін тағы 10 күн медициналық бақылауда болады. Бірінші санатқа кірген өзге елдерден келген адамдар 14 күн үй карантинінде болады, бірақ санитарлық қызметтің шешімі бойынша, олар медициналық мекемедегі карантинге ауыстырылуы мүмкін»,-деді Біртанов. 

Ал екінші санатқа енген елдерден (Әзірбайжан, Сингапур, Таиланд) келген келген азаматтар 14 күн медициналық бақылауда болады, одан кейін медқызметкерлер 10 күн қоңырау шалып, халін біліп тұрады. 

«Үшінші санаттағы елдерден (Германия, АҚШ, БАӘ, Ұлыбритания, Франция, Малайзия, Бахрейн, Кувейт, Испания) келген адамдарға қашықтықтан медициналық бақылау жасалады, яғни оларға 24 күн бойы хабарласып, қал-жағдайын біліп тұрады», - деп толықтырды Денсаулық сақтау министрі.

Бұған дейін бірінші санатқа тек Қытай кірген еді. 

Айта кетейік, екінші санаттағы елдерден келген азаматтар бұйрыққа бағынбай, үйден шықса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 462 бабы, 3-бөліміне сәйкес, оларға 5 АЕК-тен жоғары (13255 теңге) айыппұл салынуы мүмкін. 

banner_wsj.gif

Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды

Шымкент қаласында карантин жарияланды

Фото:primeminister.kz

Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим тағы бір аптаға ұзартылды, деп хабарлайды, үкімет басшысының ресми сайты. 

3 сәуір күні Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті.

Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, өңірлердегі ахуал туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов, Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов, сондай-ақ Қызылорда облысының әкімі Г. Әбдіқалықова, Жұмыспен қамтудың жол картасын іс жүзіне асыру шаралары туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев пен Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, аумақтық әскерлерді арнаулы жинақтау туралы қорғаныс министрі Н. Ермекбаев баяндады. 

Мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуын шектеу мақсатында қызметі екі мегаполистің тіршілік әрекетін қамтамасыз етумен және тұрғындардың денсаулығымен байланысты ұйымдарды қоспағанда, барлық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында күшіне енген жұмыссыз режимді осы жылдың 13 сәуіріне дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Мемлекеттік комиссия Шымкент қаласы әкімінің биылғы 4 сәуір күнгі сағат 21:00-ден бастап қалада карантин енгізу туралы ұсынысымен келісті.

Ауруханаішілік жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында Үкімет басшысы әкімдерге инфекциялық, провизорлық және карантиндік нысандардағы санитарлық талаптардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жылдам құрастыралытын құрылыс материалдарынан үш жұқпалы аурулар ауруханаларын салу туралы шешім қабылданды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ТЖ кезеңінде жеке қорғаныш құралдарын шығаруға бақылауды қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдау, Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде қауіпсіздік пен жұмыс істеудің жекелеген алгоритмін әзірлеу тапсырылды.

Отырыс барысында Жұмыспен қамтудың жол картасын (ЖҚЖК) сапалы жүзеге асыру, оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен басқа да өңірлерде нақты жобаларды тез арада бастау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оған қоса Үкімет басшысы әкімдерге кем дегенде 240 мың жұмыс орнын құруды, отандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерінің  кемінде 90%-ын пайдалануды қамтамасыз етуді, ЖҚЖК аясында жұмысқа орналастыру үшін мобильді рекрут пункттерін құруды, жұмыссыздарды жобаларға Электрондық еңбек биржасы арқылы тартуды тапсырды.

Премьер-Министр төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандардың төлем алуы (42 500 теңге) үшін азаматтарға есепшот ашу жұмыстарын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.   

Мемлекеттік комиссия мектеп оқушыларының төртінші тоқсанда қашықтан оқу мәселесін қарастырды. 

«Білім және цифрлық даму министрліктеріне қашықтан оқыту процесіне мониторинг жүргізіп, әдістемелік қолдау көрсетуді тапсырамын», — деді А. Мамин.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әскери міндеттілерді Қарулы күштердің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін арнаулы жиындарға шақыру мәселелері, сондай-ақ экономиканың секторларында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты аса зардап шеккендерді Қызмет түрлерінің тізіміне енгізу үшін қажетті ұсыныстар қаралды, олар 1 сәуірден 1 қазан аралығында еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуден босатылады.

COVID-19 коронавирус инфекциясы Қазақстанда 13 наурызда анықталды. 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бойынша  елімізде төтенше жағдай режимі енгізілді, ол 15 сәуірге дейін жалғасады және қажет болған жағдайда мерзімі ұзартылуы мүмкін. 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды.

Қазіргі кезде ел бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 453-ке жетті.
 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif