Жамбыл облысының жаңа әкімі қандай тапсырма берді?

Бердібек Мәшбекұлы аппарат жиынында Қордайдағы жағдайды тілге тиек етті

Фото: zhambyl.gov.kz

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бірінші аппарат кеңесін өткізіп, жауапты мемлекеттік органдар Қордай ауданында болған оқиғалардан қорытынды шығару керектігін атап өтті.

Сонымен қатар, өңірдің одан әрі дамуы мен экономикалық және әлеуметтік саясаттағы басым бағыттары туралы өз ойларын ортаға салды, деп хабарлайды облыстың баспасөз қызметі.

"Бұл жағдай бізге сабақ болу керек. Осы секілді қайғылы оқиғалар алдағы уақытта қайталанбас үшін тиісті шешім шығара білуіміз қажет. Мемлекеттік органдар, жұртшылық пен интеллигенция өз күш-жігерін біріктіріп, қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтау бойынша жұмыс жүргізуі тиіс", - деді әкім.

Бердібек Мәшбекұлының айтуынша, облыстың әлеуеті айтарлықтай жоғары, алайда ағымдағы жылдың бірінші айында өнеркәсіп, қайта өңдеу, инвестиция тарту сияқты салаларда төмендеуге жол берілген. Игерілген қаражаттың көлемі бойынша айтарлықтай артта қалуы байқалған. Осы бағытта бюджеттік бағдарламалардың орындалу бойынша жұмыстарды күшейту қажет.

Аймақ басшысы бірінші тоқсанның қорытындысы өткен жылдың нәтижесінен кем болмауы тиіс екенін баса айтқан:

«Жұмыссыздық деңгейі-4,8 пайызды құраса, ол республикалық орташа мәннің деңгейінде.  Бірақ бұл ретте облыста өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны әлі де көп. Сондықтан "Қазфосфат" ЖШС және "Еврохим" сияқты жергілікті өнеркәсіптің алыптарымен тығыз жұмыс істеу, өңірге ірі отандық және шетелдік инвесторларды тарту қажет».

Облыс аумағы арқылы үш ірі газ құбыры өтеді десек, бұл өңірдегі елді мекендерді газдандаруда зор мүмкіндік береді. Жиынды осы жайтқа назар аудара келе,  облыс әкімі Амангелді газ кен орнының да қарқындылығын арттыру үшін салалық министрліктің көмегімен ауқымды геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу қажеттігін жеткізді.

Жамбыл өңірі аграрлық аймақ болып табылады. Сондықтан ауыл шаруашылығын ілгерілету облыстың жалпы дамуына ықпал етері сөзсіз. Қазір суармалы жерлердің көлемін ұлғайту бойынша мемлекеттік қолдау аз емес, соны кеңінен пайдалану және оларды пайдалану тиімділігін арттыру қажет. 

Бердібек Сапарбаев ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру пилоттық жобасының  міндетті түрде өз жалғасын табатындығын, ол бастапқы қарқынының төмендемеуін баса айтыпе, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

- Ауыл тұрғындары жыл бойы жұмыспен қамтылып,  егін шаруашылығымен де, мал шаруашылығымен де айналысуы керек. Бұл орайда пилоттық жобаға бөлінген 7,2 миллиард теңге толық көлемде игерілуі тиіс. Біз жобаның өміршеңдігін көрсетуіміз керек, бұл алдағы уақытта қаржыландыру көлемін ұлғайтуға және көп адамдардың материалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті облыс басшысы.

Сонымен қатар жиында жамбылдықтардың табыс деңгейін арттыру, салық салу базасын ұлғайту, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, жалақы бойынша берешектерді жою, медициналық қызмет сапасын арттыру, денсаулық сақтаудағы бюрократия деңгейін төмендету, жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеу, ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайту сияқты өзекті мәселелер де  жан-жақты көтеріліп, сараланды.
 

banner_wsj.gif

Токаев заявил о новом карантине

Он продлится две недели

Фото: Аскар Ахметуллин

Президент Касым-Жомарт Токаев заявил, что правительство предложило ввести 14-дневный жесткий карантин с 5 июля. Об этом глава государства написал в Twitter.

«Правительство предложило 14-дневный карантин (который может быть продлен) с 5 июля. Завтра, после заседания межведомственной комиссии, прокомментирует министр здравоохранения», - заявил Токаев.

На официальном сайте премьер-министра РК опубликовано постановление от 1 июля. В документе указано, что Казахстан открывает автомобильные пункты пропуска на отдельных участках госграницы. Открываются автомобильные пункты пропуска «Кольжат», «Бахты» и «Майкапчагай» на границе с Китаем. На этих пунктах с 10 июня был ограничен пропуск лиц, транспортных средств, грузов и товаров, за исключением лиц и транспортных средств, осуществляющих перевозку медицинских изделий и лекарственных средств, продовольственной продукции и товаров, перемещаемых в рамках инвестиционных контрактов, гуманитарной помощи, государственного заказа, а также порожних грузовых транспортных средств.

Министерству иностранных дел РК поручено в установленном порядке уведомить по дипломатическим каналам Китайскую Народную Республику.

Напомним, 29 июня глава государства Касым-Жомарт Токаев провел совещание по мерам противодействия распространению коронавирусной инфекции и отметил, что от жителей поступает много жалоб, а акимы и министры перестали информировать людей. По его словам, многие руководители неудовлетворительно исполняют свои обязанности, объявил выговоры и сделал замечания.

Позже новый министр здравоохранения Алексей Цой предложил президенту три сценария развития ситуации с COVID-19. Первый - без карантина, второй - с двухнедельным карантином и третий - с четырехнедельным. Именно третий сценарий, по мнению главы ведомства, считается наиболее эффективным с точки зрения разрыва цепи заражения среди населения, а также подготовки соответствующей инфраструктуры.

Также сообщалось, что Алексей Цой в ходе брифинга в СЦК 30 июня рассказал, что в Казахстане будут открыты дополнительно 10 тыс. коек в стационарах из-за большого количества больных коронавирусом. Заполняемость стационарных коек в Казахстане составляет 60%, в Нур-Султане, Алматы она достигает 90%.

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg