Зейнеткерлерге өз жинағынан тек 20 мың теңге төленеді

Жарияланды
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
Министр қазіргі жинақтық жүйеге реформа керек деп тұжырымдайды

Қазіргі зейнеткерлер «БЖЗҚ» АҚ-ындағы жинағынан ай сайын бар-жоғы 21 мың теңге алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

 «Бүгінгі таңда ынтымақты зейнетақы жүйесі біртіндеп тоқтатылып, 1998 жылдан бастап енгізілген жинақтаушы зейнетақы жүйесі бірінші орынға шығып келеді. Алайда, өкінішке қарай, жинақтаушы зейнетақы жүйесі бүгінгі жағдайда оны жедел жетілдіруді талап етеді. Бүгінгі таңда жинақтаушы зейнетақы жүйесінен 212 мың адам зейнетақы алады, орташа төлем мөлшері шамамен – 21 мың теңге», – деді ол.

Министр жинақтаушы жүйе енгізілген 22 жыл ішінде азаматтардың жинағы 10,8 трлн теңгеге жеткенін, ол адам басына шаққанда бар-жоғы бір миллион теңгеден келетінін айтып өтті. 

Бұл түйткіл  жедел шешімін табуды талап ететін жүйелік мәселелермен тығыз байланысты.

«Біріншіден, бұл жұмыс істейтін азаматтар табысының төмен деңгейі. Екіншіден, зейнетақы төлемдерін салудағы тұрақсыздық, міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек, жалдамалы жұмысшы не еңбек шарты жоқ, зейнетақы активтерінің кіріс тым төмен болуы», – деді министр.

Сондай-ақ оқыңыз