Түркияның жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

179 адам жараланып, 3 адам қайтыс болған

Фото: Shutterstock

Pegasus Airlines түрік әуе компаниясының Измир-Ыстамбұл бағытындағы ұшағы Сабихи Гөкчен атындағы әуежайда ұшу-қону жолағынан шығып кетіп өртене бастаған, деп хабарлайды Интерфакс агенттігі

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, ұшақ үшке бөлініп қалған. Апат орнына  жеткен өрт сөндірушілер өртті сөндірген. Апатқа ауа райының қолайсыздығынан ұшақтың дұрыс қона алмауы себеп болуы мүмкін. Стамбұлда бұл кезде жаңбыр құйып, қатты жел соғып тұрған. 

Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаның айтуынша, 179 адам түрлі жарақат алып, 3 адам қайтыс болған. Бұған дейін 155 адамның зардап шеккені хабарланған болатын.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg