Skip to main content

Түркістан облысында ҰҚТ ақшаны ойынхана арқылы заңдастырып отырған

Меншіктің 25 нысанын пайдалануға тыйым салынды

Фото: Shutterstock

Өзбекстанмен шекаралас Мақтаарал және Жетісай аудандарында құмар ойындардың заңсыз бизнесін ұйымдастырумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ)  әрекеттері әшкерленді. Бұл турасында ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі жөніндегі комитеті хабарлады.

ҚР Ұлттық ұланының арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің қолдауының арқасында жедел-тергеу тобы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері бақылауға алған жеті мекемеде бір мезетте тінтулер жүргізді.

«Айналымға қылмыстық жолмен алынған ақша тартылып, олар кейіннен «СтавкаБет» букмекерлік кеңсесінің ресми желісі арқылы заңдастырылып отырған. ҰҚТ-ны ұйымдастырушының Шымкенттегі үйін тінту кезінде $7 млн және 7 млрд теңгені заңдастыру туралы жазбалар жасалған жұмыс блокноты табылып, тәркіленді», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, сот  ҰҚТ-ны ұйымдастырушының меншігіндегі Шымкенттегі және Түркістан облысындағы меншіктің 25 нысанын (тұрғын үйлер, мейрамханалар, букмекерлік кеңселердің ойын залдары, жер учаселері, автомобильденр) пайдалануға тыйым салды. Сонымен қатар, ҰҚТ-ның белсенді мүшелеріне тиесілі мүліктің 11 нысанын пайдалануға да шектеу қойылды. 

banner_wsj.gif

Бөтен адамға цифрлы қолтаңба алдырам деп, алаяқтарға алданып қалмаңыз

"Азаматтарға арналған үкімет" жеке деректерді бейтаныс адамдарға беруге болмайтынын ескертеді

Фото: shutterstock.com

Қалай қырық екі мың теңге туралы әңгіме шықты, солай әлеуметтік желілерде азаматтардың жеке мәліметтерін сұрату арқылы ЭЦҚ (ЭЦП) алуға көмектесемін хабарламалар қаптап кетті. Осындай пысықайлар қазіргі қиын кезді пайдаланып, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандардан ЖСН, ЭЦҚ, банк картасының нөмірін, тіпті оның пин-кодын сұрай отырып, әлеуметтік жәрдемақыны рәсімдеп беру қызметін көрсетуді ұсынып отыр. 

Ал «Азаматтарға арналған үкімет»  қазақстандықтарды мұндай қызметтерге жүгінбей, одан бас тартуын сұрайды.

«Жеке мәліметтерді, соның ішінде ЭЦҚ-ны бөтен адамдарға беру арқылы азаматтар өздерінің жеке деректері мен мүлкіне қауіп төндіретінін түсінуі керек. Оған қоса, бұл төлем азаматтардың шотынан өздерінің «қолғабыс етуімен» ұрлануы мүмкін», – дейді мекеменің баспасөз қызметі. 

Электрондық цифрлық қолтаңба мен оның құпиясөзін алған алаяқтар азаматтың egov.kz-тегі барлық жеке мәліметіне қол жеткізе алады. Оған қоса, олар жалған келісім жасау үшін  оның атына кәсіпкерлік ашып, баспанасына бейтаныс тұлғаларды тіркеп, тіптен көлігін өзге адамның атына шығара алады. Ал банк картасының ПИН-кодын  алғаннан кейін алаяқтар ондағы барлық қаражатты шешіп алуы мүмкін.

Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтардың онлайн түрдегі мемлекеттік қызметтердің барлық мәселесі бойынша,  соның ішінде ЭЦҚ мен жаңа әлеуметтік төлем түрі бойынша ақысыз түрде және еш қауіпсіз 1414 бірыңғай байланыс орталығынан көмек ала алатындығын хабарлайды. Қоңырау шалу тегін. Қазіргі уақытта оның жұмысына халыққа қызмет көрсету орталықтарының 1800-ден астам қызметкері тартылған. 

Сонымен қатар Facebook әлеуметтік желісінде «eGov помощь» тобы құрылды, онда қарапайым желі қолданушылары, IT-мамандар және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерінен тұратын бірқатар ерікті жиналды. Олардың барлығы  egov.kz порталының белсенді қолданушылары, олар мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ алады және елімізде орын алған қиын сәтте өзге азаматтарға электрондық үкімет порталын пайдалануды үйретуге дайын. Сондай-ақ еріктілер азаматтардан еш жеке деректерін талап етпейді, тек сұрақтарына жауап беріп, пайдалы кеңестер беру арқылы мемлекеттік қызметті алуға көмектеседі.

Егер азамат ескертуімізге қарамастан, ақылы түрде күмәнді «көмекшілердің» қызметтерін пайдаланып үлгерсе және жеке мәліметтерін берсе, Азаматтарға арналған үкімет оларға ЭЦҚ-ның құпиясөзін pki.gov.kz-тегі жеке кабинеті арқылы өзгертуді немесе кілттердің күшін жоюды ұсынады.
 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif