Skip to main content

Тоқаев коронавирусқа қарсы жан-жақты шараларды қолға алуды тапсырды

Оның айтуынша, індеттің таралуы аса қауіпті

Фото: kursiv.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл әлемге тарап жатқан коронавирустан қорғану мақсатында жан-жақты шараларды қолға алуды тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter-де жазды.

"Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті. Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды",- деді мемлекет басшысы. 

Айта кетейік, қазіргі кезде коронавирус инфекциясын әлем бойынша 83 мыңнан аса адам жұқтырып, 36,5 мың адам аурудан емделіп шыққан. 2856 кісі көз жұмды. 

banner_wsj.gif

Түркістан облысындағы алғашқы науқас вирусты қайдан жұқтырған?

Ол Нұр-Сұлтаннан Жетісайға жеткенше 16 адаммен қарым-қатынас жасаған

Фото: Facebook

Коронавирус жұқтырған науқас Түркістан облысы, Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты, деп жазады Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өзінің  Facebook парақшасында. 

"Мәліметке сай, 27 наурыздан бері қызуы көтеріліп ауырған. Жетісай аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 30 наурыз күні қаралған.Науқас 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар-Қызылорда бағытындағы поезбен Қарағандыға келіп, 6 сағаттай аялдап, Шымкентке Петропавл-Қызылорда бағытындағы поезбен келген. Ары қарай жеке көлікпен Жетісай қаласына жолға шыққан",- деп жазады Сәкен Қалқаманов. 

Әзірге анықталғаны науқаспен 16 адам қарым-қатынаста болған. 5 адам Нұр-Сұлтан қаласында байланыста болса,  11 адам Жетісай қаласының тұрғындары. 

"Өзге де байланыста болған адамдар анықталуда", -деді әкімнің орынбасары. 

Соңғы ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда барлығы 348 адам кронавирус инфекциясын жұқтырған.   

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif